2013 жылдан бастап біздің компания Қазақстанда Duomatic 09-32 жол машиналарына арналған ұрғылау блоктарын өндіреді және бүгінгі күні ұрғылау блоктарын жергілікті өндіруге лицензиясы бар әлемдегі жалғыз «Плассер және Тойрер» сервистік серіктесі.

Қазіргі уақытта «Сервис Плассер Казахстан» компаниясы «Плассер және Тойрер» компаниясымен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан Республикасында жол машиналарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдаланылатын бөлшектер мен тез тозатын компоненттердің кең тізбесін өндіру бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр.

Компания жайлы

«Сервис Плассер Қазақстан» компаниясы 2005 жылы құрылды, ал Қазақстанның теміржол саласы “Плассер және Тойер”жоғары тиімді жол машиналарын пайдалануға кірісті.

Сервис орталығының мамандары «Плассер және Тойрер» компаниясының әртүрлі бөлімшелерінде бірнеше рет оқытудан өткен, австриялық өндірістегі жол машиналарының агрегаттары мен тораптарына күрделі технологиялық жөндеу жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар және өндіруші зауыттан сервистік қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлерін жүргізу үшін біліктілік дәрежесін алған.

2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ табысты ынтымақтастық нәтижесінде «Плассер және Тойрер» өндірісінің SMD80 жол салу машинасын пайдалануға бере отырып, жолды үздіксіз төсеу мен қайта жаңарту жөніндегі бірегей технологияны енгізген, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі алғашқы және әзірше жалғыз темір жол компаниясы.

Неге біз

Бізбен жұмыс істеудің артықшылықтары

01
«Плассер және Тойрер» сертификаттауы
Біздің мамандар өндіруші зауыттан сервистік қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлерін жүргізу үшін біліктілік дәрежесін алған
02
Түпнұсқа бөлшектер
Біз сервистік және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жол техникасын үздіксіз және барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, тек бірегей қосалқы бөлшектерді пайдаланамыз
03
Тәжірибе
15 жылдан астам табысты жұмыс істеу бізге сенімді серіктес беделін бекітіп қана қоймай, күрделі пайдалану жағдайларында жол машиналарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудің өзіндік ноу-хауын дамытуға мүмкіндік берді