Техникалық аудит
«Сервис Плассер Казахстан» компаниясы жол машиналарының негізгі құрылымдық тораптарының, жүйелері мен жұмыс органдарының нақты техникалық күйін кешенді бағалау және талдау бойынша қызметтер көрсетеді. Техникалық инспекция барысында алынған нәтижелер жол машиналарын олардың функционалдық мақсаты бойынша одан әрі тиімді және қауіпсіз пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жол машиналарының техникалық аудитін жүргізу үшін біздің сервис орталығымыз «Плассер және Тойрер» өндіруші зауытының ноу-хауын пайдаланады.